Ассалаумағалейкум бауырларым, қарындастарым! Бір сәт отырып, Аллаға шүкіршілік білдіріңіз. Сізге берген барлық жақсылықтары үшін Аллаға хамд-мақтаулар айтыңыз.
Сізде жоқ нәрсені әрдайым ойлай бермеңіз. Керісінше сізде бар нығметтерге ой жүгіртіңіз. Оларды тізбектеңіз. Кейін асықпай Аллаға мадақ айтыңыз. Осылай істесеңіз Алла сізге нығметтерін арттырады!
«Егер шүкір етсеңдер, нығметтерімді арттырамын!» -дейді, Алла. Құранның бірнеше жерінде айтылады.
Бір сәтке тоқтап, Аллаға шүкіршілік білдіріңіз. Аллаға хамд-мадақтарды айтуды күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Сізге берген нығметі үшін шынайы жүрегіңізбен ризашылығыңызды білдіріңіз. Күн сайын «Әлхамдулиллаһ» деп, хамд-мадақтар айтыңыз. Кейін, өміріңізде үлкен өзгерістер болады.