ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖЕМІСІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Пәкістан Бірлескен штабының сыртқы әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры, генерал-майор Маджид Джихангирдің басшылығымен әскери делегация арнайы келді. Әскери шенділер Алматыға ресми сапары аясында білім ордасының шығыстану факультетінде болып, Мухаммад Али Джинна орталығының жұмысымен танысты.
Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Молдатөреұлы кездесуде университет басшылығының ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін жеткізіп, оның аясында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарға тоқталды. Биылғы сәуір айында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бір топ оқытушылары мен студенттері Исламабад қаласындағы Заманауи тілдер ұлттық университетіне арнайы біліктілікті арттыру курсына жіберілгенін тілге тиек етті. Қазіргі таңда факультетте урду тілі мен әдебиеті бойынша 10-нан астам студент білім алуда.
ҚАНАТ САУДАБАЕВ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС ОҚЫДЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «30 жылдыққа – 30 апталық» бағдарламасы аяс