Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да атыс болды. Бүкіл Түркістанды басына көтергендер оқушылар. Осылайша, сөзге келіспей қалған бір топ жеткіншек, соңында бір-біріне қару кезенген. Салдарынан үш жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір осы іс бойынша 15 және 18 жастағы екі жігіт қамауға алынды.