Ақтауда балалар биік ғимарат үстінде хоккей ойнады

Ақтауда балалар құрылысы аяқталмаған нысанның үстінде хоккей ойнады. Олардың өз бастарын қатерге тігіп, биік ғимаратта қамнен қаперсіз асыр салып жүргендерін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына барған ювеналды қызметтің мамандары кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап, полицейлер балалармен және олардың ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Балалардың ол жаққа қалай шығып кеткені әзірге белгісіз. Тексеру жүріп жатыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top