Колледждерде тегін білім алу мүмкіндігі!

Қазақстанда жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске қосылды. Мамандық таңдау – маңызды шешім. Дұрыс қабылданған шешім жарқын болашаққа жетелейді. Талап пен таңдау мектеп табалдырығынан басталады. Енді әрбір азаматтыңқалаған жұмысшы мамандығын тегін игеруге мүмкіндігі бар. Жобаға қатысушы әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Жұмыссыздардар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қысқа мерзімді, 6 айлық оқыту бағдарламасы енгізілді. Ал оқытудың толық курсы 3 жыл мерзімді құрамақ. Жұмысшы мамандығын игерген әрбір жастың еңбек нарығында құнды, сұранысқа ие маманға айналуына мүмкіндік бар. Тегін кәсіптік білім алғысы келген әрбір адам халықты жұмыспен қамту орталықтарына барып, арнайы жолдаманыңиесі бола алады. Тамаша мүмкіндікті жіберіп алма!
Back to Top