Қарағандыда нәресте ыстық судан ажал құшты. Жантүршігерлік оқиға қаламыздың Майқұдық елді мекенінде орын алды. Туа біткен церебралды паралич дертімен ауыратын 2 жасар нәресте ыстық су жиналған ваннаға құлап, күйіп кеткен. Қыз бала жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін жан тәсілім етті. Аталмыш жағдай көпшіліктің арасында екі жақты пікір тудырды. Оқиғаның абайсыз орын алғанына күмән келтіргендер де бар.
Бақыт Нұрмағанов қайғылы оқиға орын алған отбасының көршісі. Нәрестенің анасы Шынар Смағұлова осындағы 32 үйде әпкесімен бірге пәтер жалдап тұрған. Баласын кешкілік серуенге алып шығатын Шынар ешкіммен де амандаспайтын да көрінеді. Көршісінің айтуынша үнемі тұңғиық ойға шомылып, адам түсінбек қылықтар жасайтын болған.
Алдын ала болжам бойынша Шынар Смағұлова қайнап тұрған суға қызын абайсызда құлатып алған. Қайғылы оқиғаға байланысты кішкентай Диананың туыстары мен анасы мәлімдеме беруден бас тартты. Ал, Октябрь аудандық прокуратурасы аталмыш оқиғаға бойынша қылыстық іс қозғағандарын айтты.
Диана Смағұлова 201