Талдықорғанда озат шопан атанған кейуана сайлауға үйінен дауыс берді.

Талдықорғанда озат шопан атанған кейуана сайлауға үйінен дауыс берді. Алматы облысының Сарқан ауданындағы Шора Қаниева үйінен дауыс беру туралы өтініш жасаған. Жасы 80-ге таяп қалған кейуана сайлау бұған дейінгі бірде-бір саяси науқаннан қалыс қалмағанын айтты. Шора Қаниева, зейнеткер: – Сайлаудан Қазақстанның өркендеуін күтемін. Мына жастарға жұмыс болып, Қазақстанымызды гүлдендірсе, дендері сау болса, одан артық бізге не керек? Содан басқа бізде ешқандай тілек жоқ.
Back to Top