“Қазақстан“ ұлттық телеарнасының көрермендеріне арналған кезекті бір наурыз тартуы. Қазақстанның белгілі эстрада және театр жұлдыздарының қатысуымен түсірілген аталмыш мюзикл Нұржұман ақсақалдың үйіндегі Наурыз мейрамы күнгі қарбаласты баяндайды. Отбасы мүшелері тайлы- тұяғымен бір шаңыраққа жиналып, жаңа жылды қарсы алуға және әулеттің кенжесі немерелері Нұрасылды сүндетке отырғызуға жиналады. Сүндеттің не екенін үйренген кішкентай Нұрасыл ести сала үйден қашады. Отбасы түгел жиналды, сойылатын қой дайын, молда да, дәрігер де келді, ортада сүндеттелетін бала ғана жоқ. Апыр- топыр барлығы баланы іздей бастайды. Бүл кезде бала болса жолда неше түрлі қызыққа жолығып, сүндеттен құтылам деп тығылған көлігі, оны тура атасының үйіне алып келеді.