Ақтөбе облысында бір ауыл үрей құшағында отыр

Ақтөбеде бүтін бір елді мекен үрей құшағында отыр. Алға ауданы Бесқоспа ауылының тұрғындары мектептің мұғалімі туберкулезге шалдыққанын жақында білдік дейді. Әрі ұстаздардың індетке шалдыққаны бірінші рет емес. Осыдан үш жыл бұрын мұғалім ауырып, емделіп шыққанын айтты. Осыдан кейін тиісті мекемелер дереу шара қолданбаса, ауылды дерт жайлай ма деп отыр . Құрт ауруы анықталған мектепте неге карантин жарияланбады? Ауылдың халқы неге мәселелерін домалақ арыз арқылы ғана жеткізуге мәжбүр? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top