Менікісі

Сөзі: Еркін Оралбай Әні: Жанар Ешназар Жеңе алмаған өмірдің сергелдеңі, Сезім жеңді күшіме сенген мені. Өзгердім мен, Мөлдірім, өміріме, Сен келгелі. Қайырмасы: Қара түнге соншалық құмартамын, Сені ойлаумен атуда бұла таңым. Түсте көріп өзіңді оянуды, Ұнатамын. Шешімі жоқ өмірде сұрақтар мың, Дайын еткен біздерге сынақтарын. Жүректегі сезімді жеткізем деп, Жыр ақтардым. Қайырмасы: Қызғаныш қой өкпелетсем мені түсін, Сені ойласам кетердей ерік күшім. Сені ешкімге бермеймін, себебі сен, Менікісің..
Back to Top