Осы аптада Алматыда елімізде бұрын соңды болмаған оқиға орын алды. Қала полицейлері жеке пәтерде жабдықталған астыртын порностудияны әшкерелеп, шетелдіктерге онлайн қызмет көрсетіп ақша тауып келген топты қамауға алды. Бұрын-соңды болмаған деуімізге негіз жоқ емес. Бірақ бұл жайтты сенсация деп айқайлатуға тағы болмас. Негізі порнографиялық және өзге де анайы сипаттағы өнімдерді ел ішінде тарату қылмыстары жиі болып тұратын үрдіс. Көбіне ол ересектерге арналған шетелдік порталдар мен сайттар, немесе дискіге көшіріліп басылған заңсыз өнімдердің сауда нүктелерінде астыртын сату арқылы іске асып жатады. Ал порноөнімді өндіруші ретінде ұсталып отырғандар тұңғыш рет. Бұл оқиғаның заңдық, экономикалық және моральдық қыры қандай?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан