5 күнде 50 миллион табады

Елімізде 5-ақ күнде 50 миллионға дейін табыс табатын блогерлердің барын біліп пе едіңіз? Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, әлеуметтік желінің құдыретімен, бүгінде миллионер атанған жастарымыз жетерлік. Бар болғаны парақшасында байқау өткізу арқылы ғана жағдайларын жасап алғандары қаншама. Салдарынан үйдегі ұл-қыздар бұрынғыдай ұстаз я дәрігер емес, инстаграмдағы аға-әпкелері сияқты вайнер болуды армандап жүр. Оның несі бар дерсіз? Бірақ бұл тенденция жалғасын тапса, болашақта қоғамға қажетті мамандарға зәру болып қалмаймыз ба? Ал желіде миллиондаған оқырманы бар қыз-жігіттер мұндай байлыққа қалай кенеліп жүр? Олардың қызметін біреу бақылай ма? #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top