Бар білімді жинаған бір ақ хана,
Жауын жауса болады маған пана.
Маған бағыт көрсетіп жол сілтер,
Мен үшін жарық бөлме “Кітапхана“
Кітап мені түсінетін, қолдайтын,
Кітап қана ойыма хат жолдайтын.
Бар керемет кітаптан ғана табылар,
Кітаптың жаманы шығар болмайтын.
Иә! Шыныменде кітаптың нашары болмайды. Жәй ғана ондағы ой, біреуге ұнауы мүмкін, біреуге ұнамауы мүмкін. Өзіңнің көңіліңнен шықпаған кітапты жаманға шығару, ол қате нәрсе.
Сол секілді, “Менің сүйікті кітабым“-деп бір ғана кітапты айта алмаймын. Жалпы ұнатып оқитын кітаптарым әдеби кітаптар. Ондағы әрбір жазылған сөздерден, түбі көрінбес терең ой табуға болады.
Мысалға, Дулат Исабековтың шығармалары. Әрбір шығармалары қайталанбас, ерекше сезімге бөлейтін шығармалар. Өте керемет шығармалар. Оқып отырып, көршіңнің үйіндегі болып жатқан оқиғаға қарап отырған кейіпкердей күйде боласың. Неше ауырлықтарды бейнелегенде, өзіңнің үстіңнен ауыр жүк құлағандай сезімде боласың. Осы орайда сыйланған сезімдер үшін рақмет айтқым келеді.
Тағы, Абай Құнанбайұлы