“Өмір“.
Музыкасы мен сөзі Димаш Құдайбергендікі
Аранжировка: Еділжан Габбасов
Сведение-мастеринг: Бекчурин Ерлан
«Өмір,
Саған құштармын.
Самғап ұшармын
Ақ бұлттай арманға»
24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйерлеріне арнаған «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады.
_____
«Жизнь,
Тобой я увлечён.
Вознесусь я ввысь
белым облаком к мечте»
24 мая, в свой день рождения, Димаш Кудайберген представил новую музыкальную композицию «Omir», которую посвятил всем своим поклонникам. Произведение рассказывает историю жизненного и творческого пути исполнителя от самого начала до его становления артистом, которого знают сегодня.
_____
«Life,
I’m infatuated with you.
I will rise up
as a white cloud to a dream.»
On 24 May, on his birthday, Dimash Qudaibergen presented a new musical composition ‘Omir’, which he dedicated to all his fans. The work tells the story of the singer’s life and creative path from the very beginning to his becoming an artist who is known today.
_____________________
Өмір - күндерменен күндер жалғасқан.
Өмір - мұңменен шаттық алмасқан
Сағым болып қалған...
Өмір - сүйікті етіп, сүюді үйреткен
Көңіл құлазиды кейде неліктен?
Сырлары көп жалған...
Өмір,
Саған құштармын
Самғап ұшармын
Ақ бұлттай арманға
Махаббат үні талмайтын, жараланбайтын
Болса жалғанда...
Кейде жаз, көктем боп
Тым өктем боп
Дауылдатсаңдағы, өмір,
Ризамын мен саған
Ғашықпын мен саған
Аялаймын, бағалаймын,
Тағдыр, тек жылатпа
Арманның жолында
Мені қолдашы, өмір, құлатпа!
Қателесіп, өкіндіріп,
кешірім сұратпа...
Келер ертең тағы жаңа жақұт күн
Әттең...тоқтамы жоқ шіркін уақыттың
Ағын болған жылдар...
Бақыт көгершіні ұшып келеді
Оның аялдар жоқ па мекені?
Сағым болған жылдар...
Өмір -
Ақ-қара алмасқан
Бақ-нала арбасқан
Ашылар парақтар...
Сапарлас дос табыстырған...
Қош айтыстырған
Бұл өмір - жаратқан.
Теңселтпе кемемді
Кел, сен енді
Қол созғайсың маған, өмір Ризамын мен саған
Ғашықпын мен саған
Аялаймын, бағалаймын,
Тағдыр, тек жылатпа
Арманның жолында
Мені қолдашы, өмір, құлатпа!
Қателесіп, өкіндіріп кешірім сұратпа..
1 view
83
18
2 months ago 00:29:16 1
Димаш Кудайберген - Лучшие выступления на “Новой волне“
2 months ago 00:04:59 1
【dimash kudaibergen/ Димаш Кудайберген】give me love之蓝色大海
2 months ago 00:13:41 5
Dimash - The Story of One Sky
2 months ago 00:03:15 1
Dimash Qudaibergen - “SMOKE“ OFFICIAL MV
2 months ago 00:05:38 1
Димаш Кудайберген — Любовь уставших лебедей | Dimash Kudaibergen — Love Of Tired Swans (Music Video)